ҚОЛДАН ЖАСАЛҒАН ҚАСТАНДЫҚ
Қардай аппақ таза көйлегін киіп алған Павел Рожко украиндардың бандура деп аталатын ұлттық аспабында халық әндерін шырқайды. 91 жастағы Рожко әлі күнге дейін хорға қатысады.
Балалық шағы өткен Украинаның оңтүстік-шығысындағы Писки ауылында отбасының көңілді өмір сүргенін еске алады.
«Әкем мен анам көңілді адамдар еді. Олар жіп иіріп, киім тігетін. Үйде қой, қозы ұстайтынбыз. Қозылар үйдің ішінде жүретін еді. Отбасымызда адам көп болды. Бәріміз ән салып, би билеп, шулап жататынбыз. Ұжымдастыру басталғанға дейін аман-сау, бақытты өмір сүрдік, ешкім тірлігіне шағымданған емес» дейді қария.
Иосиф Сталин ауыл шаруашылық реформаларын радикалды түрде бастап, миллиондаған шаруаларды жерінен, егістігінен айырып, Украинаны жаппай аштық жайлаған кезде Рожко 11 жаста болатын.
1932-33 жылдардағы аштық кезінде 10 миллион украин мен казактардың 3 миллионнан астамы көз жұмды, елдегі шұрайлы, құнарлы жерлерді Кремльге қарайтын колхоздар тартып алды.
Совет билігі ашаршылықты ешқашанда ресми түрде мойындаған емес, олар «адамдардың аштан қырылуына егіннің шықпай қалғаны себеп болды» дегенді желеу етті.
Бірақ Украина 23-қарашада ашаршылықтың 80 жылдығын атап өтпек, ал сол сұмдықта аман қалғандар аштықты әдейі жасалған қастандық ретінде есте сақтап қалды.
Украинадағы ашаршылық туралы видео
«АРАМШӨП ПЕН САБАНДЫ АЗЫҚ ЕТТІК»
Мария Симак туып-өскен Спаске ауылында казактар тұратын, әр отбасының өз жері, жылқысы, малдары бар еді. 1932 жылы советтік шенеуніктер қалаға келіп, мал мен көкеністерді, астықтарды тартып алды, ауылшаруашылық өнімдерін шетелге сатуға жіберді, қалғаны қоймада шіріп кетті.
Симактың айтуынша, талантты тігінші болған анасы бауыры мен өзін аман сақтап қалу үшін жергілікті партия қызметкерлерінен тапсырыс алып, киім тіккен. Соған қарамастан отбасы мүшелері аштықпен күресіп, жеуге жарамды өсімдіктерді қопарып жүретін.
«Арамшөп пен сабанды жеген күніміз де болды. Анамыз оларды қайнатып, бәліштер дайындайтын, оны «маторженики» деп атайтынбыз. Ұн болған жоқ. Шөптер мен өсімдіктерді кептіріп, үгетінбіз» дейді Симак.
Ашыққан адамдар мидияларды (моллюск) қазатын, ағаштың қабығын сыпырып, жыландар мен суырларды аулайтын.
Днепропетровскіде тұратын 93 жасар ақын әрі драматург Мыкола Миколаенко ашаршылық жайлы көп жазған адам. Ол түнде асханалар лақтырып тастаған балықтың бастарын жинап, сорпа қайнату үшін анасына әкеп беретінін айтады.
Каннибализм туралы сыбыстар өршіп тұрғандықтан, анасы оның түнгі сапары үшін шошитын. Марьяновка ауылында туып-өскен Миколаенко адамдардың бір-бірін азыққа пайдалағанына куә болмағанын айтады. Бірақ анасы оны әр түн сайын сақтандыратын.
Ашыққан ауылда әртүрлі елестердің өрши бастағанын айтады: «1933 жылға қарай осындай сыбыстар көбейіп кетті. Біреу көршісіне барып, тұз сұрапты... Ертесінде біреулер сол отбасының бір мүшесін жегенін айтады. Ересектерді тамақтандыру үшін үйдегі ең кішкентай баланы азық етіпті» десетін.
«КӨМЕКТЕСУГЕ ТЫЙЫМ САЛДЫ»
Жергілікті баспасөз құралдарына аштық туралы ресми түрде жазуға тыйым салды. Бірақ бейресми деректер тез тарап жатты. Аштық басталған жылы 8 жаста болған Мария Вивчарык Кривенке ауылында тұратын.
Бұл ауыл поляктар бақылайтын батыс бөлік пен совет одағына қарайтын шығыс бөліктің ортасында, Збруч өзенінің батыс жағалауында орналасқан еді. Қазір орталық Украинадағы Смела қаласында тұратын Вивчарык аштықтан қашқан адамдардың батыс жағалауға қарай жүзгенін айтады.
«Қатты әлсіреп, өзеннің ағысына қарсы тұра алмаған адамдардың біразы суға батып кетті» дейді ол.
Аман қалғандарына Вивчарык пен әжесі азық-түлік пен құрғақ киім апарып беретін. Жергілікті тұрғындар шығыс жағалаудағы украиндарды құтқару үшін азық-түлік жинаған. Бірақ Вивчарыктың айтуынша, оларды қабылдамапты.
«Біреулер бір килограмм, біреулер екі килограмм берді. Бидай, жүгері, қарабидай деген сияқты қолда бар астығын әкеп жатты. Солардың бәрін советтік Украинаға жібермек болдық, бірақ большевиктер оларды қабылдамады, «бізде ешкім ашығып жатқан жоқ» деді. Сенесіздер ме? Біз қапа болып, жыладық» деп еске алады ол.
Аман қалғандардың көбі аштықтан қатты жапа шеккен аймақта тұрғандардың біраз жылдан соң орыс тілінде сөйлеп, коммунизмді құруға атсалысқанын тағдырдың тәлкегі деп санайды.
Фотогалерея: Австриялық тұтқын Украинада көрген ашаршылық
ГЕНОЦИД ДЕУГЕ ҚОРҚАДЫ
Украина президенті Виктор Янукович аштықтың зардабын көп көрген шығыс Донецк облысының тумасы. Бірақ осы мәселеге салқынқандылық танытып, көптеген украиндықтардың көңілін қалдырды.
2010 жылы президент болып сайланған соң Янукович Голодоморды геноцид ретінде қарастыру туралы заң жобасын қабылдамады.
Оған дейін президент болған, батысшыл Виктор Ющенко «ашаршылықты Кремль қолдан ұйымдастырды, украин шаруаларын әдейі қырды» деген еді. Янукович болса, Ресейдің ауанына жығылып, «ашаршылық қаншалықты қайғылы жағдай болса да, көптеген совет елдерін қамтыды, сондықтан оны геноцид деп атай алмаймыз» дейді.
Содан кейін ол украин халқын тыныштандыру үшін Ашаршылықтан қырылғандарды еске алу күнін белгіледі, оны қарашаның төртінші сенбісінде атап өтеді. Биылғы шарада Киевке халықаралық ашаршылықты зерттеуші ғалымдар жиналады, бұның өзі президенттің аштыққа қатысты саясатты күн тәртібінде қалдырғысы келетінін білдірсе керек.
Бірақ Марияның жұбайы, өзі де аштықтан аман қалған Григорий Симак саясаткерлердің жұмысына көңілі толмайтынын айтады. Тоқсанға келген ерлі-зайыптылар елдің шығысында тұрады.
«Бұл аймақта ашаршылық туралы білетіндер аз. Баспасөзде көп ештеңе жарияланбайды, соның бәріне Мәскеу ықпал ететін болса керек. Януковичтің «Аймақтар партиясы» осындай идеология жүргізіп отыр» дейді ол.
Ашаршылық туралы еске алу украиндық саясаткерлер үшін жараның аузын тырнағанмен бірдей. Бірақ қазір жасы сексен, тоқсанға келген, сол апаттан аман қалған тірі куәгерлер болашақ ұрпақ азапты күндерді ұмытып кете ме деп қорқады.
Рожко сол қиын кезеңде екі қымбат адамынан айрылды. Үлкен ағасын отбасына әкеле жатқан бидайын қайтарудан бас тартқаны үшін шешіндіріп, аязға қалдырып кеткен. Бір айдан соң әкесі де аштықтан көз жұмды. «Анама балаларға қара деп табыстады, өзінің оған шамасы келмеді» дейді Рожко аппақ күмістей шашын тарамдап. «Содан кейін жасым небәрі 11-де болса да, шашым ағарып шыға келді. Бірақ әкемнің сөзі маған күш берді. Аяғымды әзер сүйреп жүрсем де, күніне 60 шақырым жерді кезіп, үйдегілерге талшық ететін бірдеңе табуға тырысатынмын».
Ирина Штогрин мен Юлия Ратсыбарсканың мақаласын аударған – Динара Әлімжан