Вильнюсте бейсенбіде ашылған Еуропа одағының "Шығыс ынтымақтастығы" елдерінің саммитінде бейресми қонақасы беріліп, оған Украина президенті Виктор Янукович те қатысты.
Мұның алдында Янукович Вильнюсте Еуропа кеңесінің басшысы Херман ван Ромпеймен және Еурокомиссия төрағасы Жозе Мануэль Баррозумен кездескен. ЕО басшылары Януковичті Еуропамен интеграция келісіміне қол қойдыруға көндіре алмады. Келіссөздер бүгін де жалғасады деген болжам бар.
Литва президенті Даля Грибаускайте Украинаның ұстанымы әзірге өзгермегенін айтады.
Литва астанасындағы саммитте Украинаның Еуропа одағымен ассоциация туралы келісімге қол қоюы жоспарланған еді. Бірақ саммитке бірнеше күн қалғанда украин үкіметі келісімге қол қоюға дайындықты тоқтататынын жария еткен. Украинада 21 қарашадан бері Еуропамен интеграцияны талап еткен наразылық шерулері өтіп жатыр.
Кеше кешкілік Киевтегі Тәуелсіздік алаңында бірнеше мың адам жиналған. Соңғы күндері шерулерге студенттер де қосылып жүр.
Германия канцлері Ангела Меркель Вильнюсте Киевтің Еуропамен интеграциялануына "әлі де жол ашық" екенін мәлімдеген.