Accessibility links

АҚШ сенаты бюджет жобасын мақұлдады


АҚШ конгресінің отырыстары өтетін Капитолий ғимараты.
АҚШ конгресінің отырыстары өтетін Капитолий ғимараты.
АҚШ сенаты 18 желтоқсанда мемлекеттік бюджеттің екі жылға жоспарланған жобасын мақұлдады. Сенат мүшелерінің 64-і жобаны қолдап, 36-сы қарсы дауыс берді. АҚШ-та осылайша мемлекеттік мекемелер қызметін қаржыландырудың тоқтап қалу қаупі сейілді.

Жоба қабылданған соң мемлекеттік мекемелердің шығынын азайтудан (секвестр) түскен 65 миллиард АҚШ доллары болатын бюджет қаржысы қайта қалпына келтірілмек. Ол қаржы Пентагон бюджетін толықтыруға, медициналық зерттеулерге, мектептерге көмек көрсетуге, Федералдық тергеу бюросы (ФБР) мен шекара қызметкерлерінің жалақысын көбейтуге жұмсалады.

Бюджет жобасын 12 желтоқсанда конгресстің республикашылдар басым өкілдер палатасы мақұлдаған.

Қазан айында конгресс бюджет жобасына қатысты келісе алмай, үкіметтік мекемелер бірнеше күнге жабылып қалып, АҚШ дефолтқа ұрына жаздаған еді.
XS
SM
MD
LG