Accessibility links

Астанада "Антигептил" белсендісі ұсталды


"Протон-М" зымыран тасығышы құлаған сәт. Байқоңыр, 2 шілде 2013 жыл. (Көрнекі сурет)
"Протон-М" зымыран тасығышы құлаған сәт. Байқоңыр, 2 шілде 2013 жыл. (Көрнекі сурет)
Астанада бүгін "Қазғарыш" агенттігінің алдында Байқоңырдан ресейлік "Протон-М" зымыранының ұшырылуына қарсылығын білдірген "Антигептил" қозғалысының белсендісі Асхат Рахымжановты полиция ұстап әкетті.

Кеше астананың әкімшілік соты осы мекеме алдында бір өзі пикет өткізген қозғалыстың тағы бір белсендісі Мақсат Ілиясұлына 20 айлық есептік көрсеткіш көлемінде (шамамен 240 АҚШ доллары) айыппұл салған еді.

"Антигептил" қозғалысы өткен жылы жазда ресейлік "Протон-М" зымыран тасығышы Байқоңырдан ұша бере апатқа ұшыраған соң құрылған.

Қазақстанның қоршаған орта және су ресурстары министрлігі өткен жылы қарашада зымыран апатынан қоршаған ортаға келтірілген зардап көлемін шамамен 89 милилон АҚШ доллары деп есептеген. Бірақ "Роскосмос" агенттігі Ресей "есептелген шығынды өзі бағалап, экологияға келтірілген шығынның дәлелденген сомасын ғана төлейтінін" мәлімдеген.
XS
SM
MD
LG