Accessibility links

АҚШ Олимпиада ойындары қауіпсіздігіне көмектесуге әзір


Сочиде қоғамдық тәртіпті бақылап жүрген полицейлер. Сочи, Ресей, 30 желтоқсан 2013 жыл.
Сочиде қоғамдық тәртіпті бақылап жүрген полицейлер. Сочи, Ресей, 30 желтоқсан 2013 жыл.
АҚШ қорғаныс министрлігі Ресей үкіметінің Сочиде өтетін олимпиада ойындары қарсаңындағы қауіпсіздік шараларына толық қолдау білдіріп, көмек ұсынды.

АҚШ әскери-теңіз күштерінің адмиралы Джон Кирби 20 қаңтарда журналистерге өз елінің Қара теңіз аймағындағы әскери командирлері егер Ресей көмекке мұқтаж болса, "дереу әрекет ететінін" айтты.

Оның сөзінше, Қара теңіздегі АҚШ әскери-теңіз күштерінің екі кемесі қажет болған жағдайда көмек беруге және Ресей билігімен кеңесуге дайын тұр.

Бірақ ол әзірше Ресей тарапынан көмек сұраған өтініш жасалмағанын айтады.

Бұған дейін Ресейдің Солтүстік Кавказ аймағындағы исламшыл содырлар олимпиада ойындары кезінде шабуылдар жасайтындарын айтып, ескерту жасаған.

Өткен айдың соңында Сочиден 700 километр қашықтықтағы Волгоград қаласында болған екі жарылыстан 34 адам қаза тапқан еді. Жарылыстарды Иракта әрекет ететін "Ансар әл-Сунна" террористік ұйымы мойнына алған.
XS
SM
MD
LG