Астанада "Қазғарыш" агенттігінің алдында ресейлік "Протон-М" зымырандарының ұшырылуына қарсылық танытқан "Антигептил" қозғалысының белсендісі Рахат Икібаевты полиция ұстап әкетті.
Рахат Икібаев - Байқоңырдан "Протон-М" ұшырып, гептил отынын қолдануға қарсы бір адамдық наразылық акциясын өткізген жетінші белсенді. Бұған дейін ұсталған белсенділердің кейбіріне айыппұл салынып, кейбірі босатылған.
"Антигептил" қозғалысы ресейлік "Протон-М" зымыран тасығышы 2013 жылы 2 шілдеде Байқоңырдан ұша бере апатқа ұшыраған соң құрылған.
Қазақстанның қоршаған орта және су ресурстары министрлігі өткен жылы қарашада зымыран апатынан қоршаған ортаға келтірілген зардап көлемін шамамен 89 милилон АҚШ доллары деп есептеген. Бірақ "Роскосмос" агенттігі Ресей "есептелген шығынды өзі бағалап, экологияға келтірілген шығынның дәлелденген сомасын ғана төлейтінін" мәлімдеген.