Сенбі күні Киевтегі Тәуелсіздік алаңында мыңдаған адамның алдында сөйлеген Украинаның экс-премьері, «Батькивщина» партиясының жетекшісі Юлия Тимошенко «істі аяғына дейін жеткізбей Майданнан тарамауға» шақырды.
– Мен түрмеде отырып сіздердің орталарыңызда өмір сүргеннен асқан бақыт бар ма деп ойладым, өйткені сіздер – Украинаның ең таңдаулы батырысыздар, - деді ол мүгедектер арбасында отырып айтқан сөзінде.
Тимошенко Киевтегі оқиғаларда қаза тапқандардың өліміне кінәлілерді жазаға тартуға шақырды. «Ең әуелі Янукович пен ол төңірегіне жинаған барлық сілімтікті осы алаңға алып келуіміз керек» деді ол.
Сонымен бірге Тимошенко Украина жақын болашақта Еуропа Одағының құрамында болатынына сенімді екенін айтты.
Ақпанның 22-күні Харьковтегі «Укрзализныци» ауруханасынан бостандыққа шыққан Тимошенко журналистерге «Украинада диктатураны саясаткерлер мен дипломаттар емес, халық құлатты» деп мәлімдеген. Соның алдында Украина парламенті - Жоғарғы Рада Юлия Тимошенконы түрмеден босату жөнінде қаулы шығарған.
Украина соты «2009 жылғы Ресеймен газ келісіміне қол қою кезінде қызмет бабын асыра пайдаланды» деген айыппен 2011 жылы Тимошенконы жеті жылға түрмеге жазасына кескен еді.
Сенбі күні Жоғарғы Рада Виктор Януковичті «өз міндетін атқарудан жалтарғаны үшін» қызметінен шеттетіп, мамырдың 25-і күні елде кезектен тыс президент сайлауын өткізу туралы қаулы қабылдады. Оған дейін уақытша президент міндетін кеше Жоғарғы Рада төрағасы болып жаңадан сайланған, «Батькивщина» фракциясының мүшесі Александр Турчинов атқаратыны туралы хабарланды.
Украиналық UBR телеарнасынан сенбінің кешінде эфирден берілген сұхбатында Виктор Янукович өзін «заңды сайланған президент» екенін айтып, отставкаға кетпейтінін мәлімдеген. Ол елде болып жатқан оқиғаларды «бандитизм» және «мемлекеттік төңкеріс» деп атаған.