Accessibility links

Ақорда алдында акцияға шыққан блогер ұсталды


Полицияның блогер Нұрәлі Айтеленовті ұстау сәті. Астана, 27 ақпан 2014 жыл.
Полицияның блогер Нұрәлі Айтеленовті ұстау сәті. Астана, 27 ақпан 2014 жыл.
Астанада бүгін Ақорданың алдында блогер Нұрәлі Айтеленовті полиция ұстап әкетті. Ол қамауда жатқан блогерлер Андрей Цуканов пен Дмитрий Щелоковтың босатылуын талап етіп, акцияға шыққан.

Азаттық тілшісінің хабарлауынша, Айтеленов биліктен қамаудағы блогерлерді талап етіп, плакатын жазып ұстай бастаған кезде полиция тұтқындап әкеткен.

Белсенді Андрей Цуканов 20 ақпан күні Алматыда қала әкімі Ахметжан Есімовтің есептік жиынына бармақ болып үйінен шыққанда ұсталып, сол күні әкімшілік соттың шешімі бойынша 18 тәулікке қамалған еді. Ал Дмитрий Щелоков 21 ақпанда Цукановтың не үшін қамалғанын білмек болып, әкімшілік сот төрағасына кірмек болғанда ұсталып, "бұзақылық жасады" деген айыппен 10 күнге қамалған.
XS
SM
MD
LG