Accessibility links

Сириялықтарға жәрдем


Сириялықтарға жәрдем
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:00 0:00

Сирияда азаматтық соғыс басталғалы алғаш рет гуманитарлық жүк жеткізілді. Жүк 78 көліктен тұратын автокеруенге тиелген. Автокеруен ел солтүстігіндегі Түркиямен шекара арқылы өтті. БҰҰ босқындар ісі жөніндегі басқармасының хабарлауынша, Хассака провинициясындағы жарты миллионға жуық адамға арналған жүк азық-түлік, ыдыс-аяқ пен көрпе-жастық сияқты күнделікті тұрмысқа қажетті заттардан тұрады. Халықаралық ұйымдар Сирияға қосымша жәрдем шараларын алдағы уақытта да жалғастырмақшы. БҰҰ дерегі бойынша, Сирияда 9,3 миллион адам жәрдемге мұқтаж болып отыр. Сирияда азаматтық соғыс басталған үш жылдың ішінде 2,6 миллион адам босып кетуге мәжбүр болған.

XS
SM
MD
LG