Әуежайдағы ереуіл
Германияның Франкфурт қаласындағы халықаралық әуежай қызметкерлерінің ереуілі салдарынан бейсенбі күні жүздеген әуе рейсі кестеде белгіленген уақытында ұшпады. Қызмет көлемі бойынша Еуропадағы үшінші әуежайда ереуіл жергілікті уақытпен сағат 14.30-ға дейін жалғасады. Кәсіподақ бюджеттен қаржыландырылатын 2 миллионнан аса адамның еңбекақысын 3,5 пайызға көбейтуді және әрқайсысына айына 100 еуро қосымша ақша төлеуді талап етіп отыр. Үкімет еңбекақыны көтеруге келіскенімен, «ереуілшілер тым көп сұрайды» дейді.