Accessibility links

Ыдырысов: Еуразия одағы келісіміне мамырда қол қойылады


Қазақстан сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов (сол жақта) пен Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров. Мәскеу, 3 сәуір 2014 жыл.
Қазақстан сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов (сол жақта) пен Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров. Мәскеу, 3 сәуір 2014 жыл.
Қазақстан сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов Ресей, Қазақстан және Беларусь президенттері Еуразия экономикалық одағын құру туралы келісімге мамыр айында қол қоятынын мәлімдеді.

3 сәуірде Мәскеуде Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен кездесуден соң журналистер алдында сөйлеген Ерлан Ыдырысов "Нұрсұлтан Назарбаев, Владимир Путин және Александр Лукашенко осы айдың соңында Минскіде кездесіп, мамыр айында Астанада өтетін саммит жайын талқылайтынын" айтты.

Қазақстан, Ресей және Беларусь - Кеден Одағына мүше. Ресей билігі бұл одақты 2015 жылы Еуропа Одағының үлгісіндегі Еуразия Одағына айналдырып, бұрынғы Совет Одағы құрамында болған елдерді тартқысы келеді.

Еуразия экономикалық одағын құру туралы келісім-шарттың 80 беттік жобасы бұған дейін интернетте жарияланған еді. Онда Кеден Одағына мүше елдердің келісім-шарттың кейбір тұстарына қатысты ескертпелері, келіспейтін тұстары да болған.
XS
SM
MD
LG