Антиеуразиялық форум
Алматыда "Қазжол" қонақүйінде өткен антиеуразиялық форумға 500-ге тарта адам жиналды. Жиынға саясаттанушылар, саясаткерлер, ақын-жазушылар, белсенділер қатысты. Форумда 15 мамыр күні Кеден Одағының үш елі - Ресей, Қазақстан, Беларусь арасында қол қойылатын Еуразия Одағына қарсы уәждер айтылды. Орыс тілінен бас тартуға шақырған белсенділердің бірі залдан қуылды. Алматы, 12 сәуір 2014 жыл.