Accessibility links

Тәжаяқовтың әкесі АҚШ визасын ала алмай жүргенін айтты


Азамат Тәжаяқовтың әкесі Әмір Исмағұлов.
Азамат Тәжаяқовтың әкесі Әмір Исмағұлов.
Бостондағы жарылысқа қатысты "тергеу ісіне кедергі келтірмек болды" деп айыпталған қазақстандық Азамат Тәжаяқовтың әкесі Әмір Ысмағұлов АҚШ-қа визаны рәсімдей алмай отырғанын мәлімдеді. "Астана" телеарнасының хабарлауынша, ол АҚШ-қа жазда басталатын сот тыңдауына баруға қамданған. Әмір Ысмағұлов визалық қиындықтарды тергеу ісімен байланыстырған.

«Мен келдім, қазір маған виза бермей жатыр. Кіргізгілері келмейді. Бізде ыңғайсыз сұрақтар бар емес пе. Олар (АҚШ тергеу орындары - ред.) мұны тыңдағысы келмейді. Бірақ қалай болғанда мені кіргізбегенімен, адвокаттар бәрібір сұрақ қояды. Бірақ, әрине, ол жаққа барып, қорғау жағын ұйымдастырғаным дұрыс болар еді. Әйелім мен қызым сол жақта қалды. Біз дайынбыз, біз сот болғанын қалаймыз. Бірақ олар сот болғанын қаламайды. Әрі қарай соза бергісі келеді" деген Ысмағұлов.

Бұған дейін Бостонның федералдық соты Азамат Тәжаяқовтың ісі бойынша сот отырысы 23 маусымға белгіленгенін хабарлаған еді. Ал Ысмағұлов "сот 2014 жылдың 30 маусымында болады" дейді.

Қазір АҚШта қамауда отырған қазақстандық екі студент - Диас Қадырбаев пен Азамат Тәжаяқовқа АҚШ тергеу орындары былтыр 15 сәуірде болған Бостон марафонындағы жарылысқа қатысты "тергеу ісіне кедергі келтірмек болған" деген айып таққан.

Тәжаяқов пен Қадырбаев "жарылыс жасады" деп айыпталып отырған Джохар Царнаевпен дос болған. Тергеу деректері бойынша, олар жарылыстан кейін Царнаевтың бөлмесінен оның ноутбугі мен фейерверктер салынған рюкзагін алып кетіп, жоюға тырысқан. Егер олар айыпты деп танылса, 20 жылдан астам уақытқа бас бостандықтарынан айырылуы мүмкін.
  • 16x9 Image

    Мақпал МҰҚАНҚЫЗЫ

    1985 жылы дүниеге келген.
    2006 жылы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және Әлем тілдері университетін бітірген.
    2007 жылдан бері Азаттық радиосының тілшісі.

    Мақпал жаңа технологиялар, блогосфера, жастар өмірі мен түрлі әлеуметтік мәселелер туралы жазады. Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуіңізге болады.

XS
SM
MD
LG