Орал қалалық соты былтыр РУ 170/2 колониясында болған наразылық оқиғасына қатысты жеті тұтқынға үкім шығарды деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Батыс Қазақстан облыстық прокуратурасы таратқан ақпаратта тұтқындар Е.С.Балқыбеков, В.В.Перницкий, Е.Т.Қалиев, А.М.Жекенов, Н.Ж.Аманқұлов, А.С.Бақтығұлов және Е.Е.Хайрулин "алдын-ала қылмыстық сөз байласып, түрме әкімшілігінің заңды талаптарына топ болып бағынбау әрекетін ұйымдастырды" деген айыппен сотталғаны айтылған.
Қылмысты ұйымдастырушы деп танылған Балқыбеков жеті жарым жылға, қалған алты тұтқын бес жыл бір ай мерзімге сотталып, жазаларын жалпы режимдегі колонияда өтейтін болған.
2013 жылы тамыз айында Оралдағы РУ 170/2 колониясында жазаларын өтеп жатқан 60-тан астам тұтқын түрме ережелеріне наразылық танытып, мойын, қарны мен білектерін тілгілеп, денелерін жарақаттаған еді.
Ресми ақпаратта сотталған жеті тұтқын 2013 жылы 20 тамызға қараған түні өзге тұтқындарды "дене жарақатын салуға үгіттеген" деп жазылған.