Отырар - Қазақстандағы көне қалалардың бірі. Ортағасырлық қамал-қаланың орны бүгінге үйінді күйінде жеткен. Қаланың орнын жергілікті халық қазір "Отырар төбе" деп атайды. Соңғы жылдары Отырардың орнында реставрациялау, консервациялау жұмыстары жүргізіле бастаған. Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданы, 16 сәуір 2014 жыл.