Accessibility links

Донецкідегі «референдум»


Донецкідегі «референдум»
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:32 0:00

Донецкіде сайлау учаскелері ашылды. Ресейшіл сепаратистер өткізіп жатқан референдумде тұрғындар аймақта «өзін өзі басқару» енгізу жайлы сауалға жауап беруі тиіс. Кейбір сайлаушылар Украина құрамындағы өкілеті бұрынғыдан кеңірек автономия болған жөн көрсе, екіншілері тәуелсіз мемлекет құруды, тағы біреулері Ресейге қосылуды ұсынады. Уркаинаның шығысындағы ресейшілер белсенділігі ақпан айында Виктор Янукович биліктен қуылған соң іле-шала басталған. Сепаратистер қаладағы билік ғимараттарын басып алған соң Украина билігі елдің шығыс аймағында арнайы операция бастады. Украина ішкі істер министрлігінің дерегі бойынша, осы аптада Мариуполь қаласында жікшілдерден 20-ға жуық адам қаза болған. Донецк, Украина, 11 мамыр 2014 жыл.

XS
SM
MD
LG