Өзі жүретін автокөлік
АҚШ-тың Google компаниясы өздігінен басқарылатын автомобильді қала жолдарында сынақтан өткізді. Соңғы бір жарым жылда АҚШ-тағы қалааралық жолдарда мыңдаған шақырымды роботтың басқаруымен жүріп өткен автокөлік қала жағдайында да бағдаршамдар мен жол белгілерінен, түрлі кедергілер мен бұрылыстардан, тосын жайттардан ешқандай апатқа ұрынбай сәтті өткен. Сарапшылар өздігінен басқарылатын автокөліктердің жаппай қолданысқа енуіне әлі ерте екенін, бірақ бұл бағытта алғашқы қадам қазірден жасалып жатқанын айтады. Маунтин-вью, Калифорния, АҚШ, 13 мамыр 2014 жыл.