Қазақстан мен Еуропа Одағы (ЕО) Астанада өткен келіссөздердің алтыншы кезеңі барысында әріптестік және ынтымақтастық туралы жаңа келісім жобасының бірқатар тұстарына қатысты мәміле жасасты деп хабарлады 16 мамырда Қазақстан сыртқы істер министрлігі.
Келіссөздерде Қазақстан делегациясын сыртқы істер министрінің орынбасары Алексей Волков, ЕО делегациясын Еуропа сыртқы байланыстар қызметінің Ресей, Шығыс әрістестігі, Орталық Азия, ЕҚЫҰ және аймақтық ынтымақтастық департаментінің директоры Гуннар Виганд басқарған.
Екі жақ келіссөздерде болашақ келісімнің саяси, құқықтық, сауда-инвестициялық, экономикалық және гуманитарлық салаларды қамтитын барлық бөлімдерін талқылап, нәтижесінде оның бірқатар тұстары бойынша мәмілеге келген.
Қазақстан мен ЕО делегациясы жаңа келісім бойынша келіссөздердің келесі кезеңін биыл жазда Брюссельде жалғастыруға уағдаласқан.
Министрліктің мәлімдеуінше, Қазақстан ЕО-мен келісімге қатысты келіссөздер 2014 жылдың соңына дейін аяқталады деп үміттенеді.
Жаңа әріптестік және ынтымақтастық келісім жобасы ЕО мен Қазақстан арасында 1999 жылы бекітілген ескі келісімді ауыстыруы тиіс. 2011 жылы Қазақстандағы Жаңаөзен оқиғаларынан кейін басталған жаппай репрессияларды Еуропарламент сынағаннан бері бұл келіссөздер тоқтап қалған еді.
Әріптестік және ынтымақтастық туралы жаңа келіссөздер басталуына байланысты былтыр қарашада Брюссельдегі International Partnership for Human Rights («Адам құқығы жөніндегі халықаралық әріптестік») ұйымы ЕО-ны Жаңаөзен оқиғасына байланысты Қазақстан үкіметіне сұрақ қоюға шақырған.
Ұйым «Жаңаөзендегі жаппай тәртіпсіздіктерге қатысты» деп айыпталған адамдардың әділетсіз сотталуы; саяси оппозицияны ойдан шығарылған қылмыстық айыптармен қудалаудың күшеюі; «экстремизмді насихаттады» деген айыппен 2012 жылдың аяғында бірнеше ірі оппозициялық басылымдардың жабылуы; азаматтық белсенділерді қудалау; азаматтардың жиналу еркіндігін заң жүзінде де, іс жүзінде де шектеу сияқты мәселелерге назар аударуды талап еткен.