Әр елдің өзіне тән өте дөрекі, анайы, шектен шыққан балағат сөздері болады. Оны естігенде бейәдеп сөзге жақын адамдардың өзі қызарып кетуі мүмкін. Құрылысшылар мен саудагерлер үшін таң емес сондай сөздің енді үлкен-кіші, кәрі-жас, әйел-еркек, бала-шаға түгел айтатын сөзге айналғанын елестетіп көріңізші.
Дағдарысқа түскен Украинада Ресей президенті Владимир Путинді ер адамның мүшесіне теңеген дөрекі сөз «Yes We Can» («Шамамыз жетеді») немесе «Vive La Revolution» («Революция жасасын») деген әйгілі тіркестер тәрізді ұранға айналып кетті. Басқа да мағыналары бар бұл сөз баннерлер мен үйлердің қабырғаларына жазылып, Ресейдің әрекетіне наразы мыңдаған украиналықтың аузынан түспейтін болды.
«Путин – ...» деген тіркес әнге айналып, оны Тәуелсіздік алаңына келгендер шырқап, тіпті Жапония мен Калифорниядағы Украинаға ниеттес адамдар да соны қайталады.
«ӘДЕПСІЗ» БАСШЫЛАР
Украинаның сыртқы істер министрі міндетін атқарушы Андрей Дещица да Путинді оғаш сөзбен сипаттаған кезде ол халыққа тіпті ерекше әсер етті.
Дещица маусымның 14-і күні Киевтегі Ресей елшілігінің алдына жиналған ашулы халықты тыныштандыру мақсатында Путинді балағаттап жіберді. Тұрғындар кремльшіл сепаратистердің Украина әскери ұшағын атып, 49 адамды опат қылғаны үшін наразылық танытып елшілік алдына жиналған.
Шаршағаны түрінен көрініп тұрған Дещица наразыларды таратуға келгенінде бейәдеп сөзді айтты. Өкінішке қарай, ол сөзі видеоға түсіп қалып, енді оған Ресей басшылығы ашуланып жатыр.
Ресейдің сыртқы істер министрі, кезінде ұлыбританиялық әріптесі Дэвид Милибэндпен келіссөз кезінде өзі де бейәдеп сөздер айтқан Сергей Лавров Дещицаны «азғын» деп атап, «ішімдікке қызып алып не айтқанын білмеді» деп сипаттады. «Қалай ішуді білмесең, мүлдем ішпе» деп қосып қойды ол.
Жуықта ғана аяғы ауыр журналист әйелге зорлық көрсетемін деп қоқан-лоқы жасаған ЛДПР жетекшісі Владимир Жириновский Дещицаға «интеллектісін, мәдениеті мен дипломатиялық біліктілігін жетілдіру үшін» әдепке қатысты кітап жіберемін» деді.
Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров Грозныйдың Терек футбол стадионында FIFA төрешісін жемқорлыққа салынған деп айыптап, оны «сатқын салдақы» деп сыбаған еді. Енді ол Дещица Путиннің алдында тізерлеп отырып «арсыз әрекеті» үшін кешірім сұрасын дейді.
Өткен айда Ресей телеарналарында, театр мен бұқаралық ақпарат құралдарында (БАҚ) балағат сөз қолдануға тыйым салатын заңға қол қойған Путин оқиғаға қатысты әлі пікір білдірген жоқ.
Ресей президентінің өзі де бейәдеп сөз айтудан шімірікпейді. Кезінде ол шешен жасақтарын «әжетханада құрту керек» деген, бұрынғы Грузия президенті Михаил Саакашвилиді «жанды жерінен асып қоямын» деп, ол сөзін «күшті жігіттерше» «мля» деп тұздықтағаны бар.
«Мля» – орыстың әлдебір дөкір сөзінің жұмсақтау түрі. Орыс жазушысы және балағат сөздерді жинаушы, советтік дипломаттың ұлы Виктор Ерофеев бірде осы буынның түпнұсқа түрі "Ресейде спутниктің сигналы сияқты жаңғырып естіліп тұрады» деген еді.
Бірақ бұл тіркестер балағат сөздер қолдануына тыйым салынған ресейлік БАҚ-тың Путинге қарсы айтылған сөзді «дипломатияға қайшы тіркес», «дөрекі сөз», «цензурасыз қорлау» деп атағанының қасында ештеңе болмай қалды. (Бірақ Ресей БАҚ-тары Pussy Riot тобының атауын айтуға қиналмайды. Оны АҚШ-тың бір ұятсыздау телеарнасы «әйел адамның бір мүшесімен аталатын әйелдерден құралған панк-рок топ» деп сипаттаған еді).
«БЕЙӘДЕП СӨЗДЕР СОҒЫСЫ»
Дещицаның сөзі Украинадағы саяси сөздердің қызып тұрған тұсына тап келді.
АҚШ мемлекеттік хатшысының көмекшісі телефонмен сөйлескен кезінде [Ресейге қарсы] біріккен санкция салуға келгенде солқылдақтық танытқан Еуропа Одағы туралы дөрекі сөз айтқан.
Бұрынғы Украина премьер-министрі Юлия Тимошенко «сайтан алғыр кацаптарды» өлтіруге шақырған. (Украиндар орыстарды қорлағысы келгенде «кацап» деп атайды).
Жақында ғана украиналық депутат және жазушы Мария Матиос парламент отырысына Путинге қатысты айтылатын балағат тіркеске ұқсас жазулы жейде киіп келіп, Дещицаны қолдайтынын білдірді.
Киевтің кейбір тұрғындары Украина үкіметінде балағат сөздер айтылмауы тиіс дейді. Балалар алаңында немересін әткеншекке тербетіп тұрған зейнеткер: «Олар дұрыс істемеді. Дещицаның орнына мықты әрі білімдірек адамды қою керек шығар» дейді.
Ал Ресей елшілігі ғимаратының қасында «Путин – ...» деген жазуы бар киім киіп тұрған ер адам: «Ол (Дещица) наразылығы мен эмоциясын жұмыстан тыс уақытта білдірді. Жұмыс уақытында айтқан жоқ. Жеке тұлға ретінде және азамат ретінде оның ұстанымын түсінемін» дейді.
Украина президенті Петр Порошенко 18 маусымда Андрей Дещицаны сыртқы істер министрі міндетін атқарудан босатып, орнынан Павел Климкинді қоюды ұсынды.
(Азаттық тілшісі Дейзи Синделардың мақаласын аударған – Динара Әлімжан).