Украинада аласапыран жағдай орнап, Мәскеу мен Киев арасында ақпараттық соғыс жүріп жатқан кезеңде қанша адам босқанын анықтау қиын. Людмила Денисенко украиналық күштер мен ресейшіл сепаратистер арасындағы атысқа бірнеше апта бойы шыдап бақты. Оның туған қаласы Славянск – Шығыс Украинадағы сепаратистер бүлігі өршіп тұрған аймақ.
Бірақ екі апта бұрын балалар ауруханасын атқылағанда оның төзімі таусылды. Ол отбасымен бірге Славянскіден солтүстік-батысқа қарай 50 километр жердегі салыстырмалы түрде тыныш Изюм қаласына қашып келді.
«Бұл жаққа қарақан басымыз ғана келдік» деді ол Азаттыққа берген сұхбатында. Изюмдегі әкімшілік ғимаратқа орналасқан, ең керек нәрселермен қамтамасыз етілген отбасы бұдан әрі Славянскіде қала алмағандарын айтады. «Балалар ауруханасын атқылады, темір жол вокзалы мен автовокзалға да оқ жаудырды. Біз жол-жөнекей кезіккен көлікпен осында жеттік» дейді ол.
БҰҰ АГЕНТТІГІ ДЕРЕГІ
Соңғы аптада Шығыс Украинадан Денисенко сияқты мыңдаған адам қашып шықты. Аласапыран кезде босқындардың санын мөлшерлеу қиынға түсіп отыр. БҰҰ-ның босқындар ісі жөніндегі агенттігі (UNHCR) қазір Украинаның өз ішінде 17 500 адам тұрағын ауыстырды дейді.
Олардың 11 мыңға жуығы – Ресейге қосылған соң түбектен қоныс аударған Қырым тұрғындары.
Өзге шығыс украиналықтар сепаратистер қақтығысынан соң үйлерін тастап кетуге мәжбүр.
«Олардың көбі әйелдер мен балалар, үштен бірін балалар құрайды. Қарт адамдар, зейнеткерлер де бар. Жағдай өте нашар болса да, олар баспаналарын тастап кетуге қиналады» дейді UNHCR-дің Беларусь, Украина және Молдова бойынша өкілі Олдрих Андрисек.
Үкімет сәуір айының ортасында Шығыс Украинадағы сепаратистерді құртуға арналған «антитеррорлық операцияны» бастағаннан бері босқындар саны артты. Олардың нақты саны UNHCR атағаннан әлдеқайда көп болуы мүмкін, себебі агенттік үкіметтік емес ұйымдардан көмек сұрағандар мен туысқандарының үйінде тұрып жатқандарды есепке алмайды.
«Біз тек жергілікті биліктен көмек сұрап, өтініш білдіргендерді есепке аламыз. Босып кетіп жатқандарды тіркеп отырған құрылым жоқ, сондықтан біздің есеп толық емес. Бұл - жорамалмен айтылған сан. Шын мәнінде босқындар одан екі есе көп шығар, оны дәлелдеу қиын» дейді Андрисек.
Ел ішінде қоныс аударғандардан бөлек, кейбір украиналықтар шетел асып кетті. UNHCR дерегінше, жыл басынан бері 440-тан астам азамат Польшадан баспана сұраған. Маусымның 13-іне дейінгі дерек бойынша, 22 адам Беларусьтен, 19 адам Молдовадан босқын мәртебесін сұраған.
Көрші Ресейге қашқан азаматтар да аз болмаса керек, бірақ Украина және Батыспен Ресейдің қарым-қатынасы түзу болмағандықтан UNHCR сияқты ұйымдар оның санын мөлшерлей алмай отыр. Мәскеу мен Киев арасындағы ақпараттық соғыс Ресейдегі украиналық босқындарға қатысты жағдайды анықтауды қиындатып жіберді.
Ресейдің мемлекеттік телеарналары украиналық отбасылар паналаған босқындар лагерін көрсетеді. Мәскеу шекарада гуманитарлық дағдарыс туындады дейді, оны Украина үзілді-кесілді жоққа шығарады.
РЕСЕЙДІҢ ҚАРАМА-ҚАЙШЫ ДЕРЕКТЕРІ
Reuters түсірген бейне көріністе Еуропа қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) жетекшісі Ламберто Заньер Ресейдің Дондағы Ростов қаласындағы лагерьге барады. Бұл видео ресейлік тараптың мәлімдемесін растағандай болды.
Ашулы Славянск тұрғындары Заньерге айғайлап, Украина үкіметінің қалада күш қолданғаны үшін жауап беруді талап етеді.
ВИДЕО: ЕҚЫҰ басшысы Ресейдегі украиналық босқындар лагерінде
Ресей тарабы әртүрлі сандарды атап, таң қалдырып келеді. Ресейлік балалар омбудсмені Павел Астахов осы айдың басында Ресейдің Ростов облысына бір күнде 8 мың 300 украиналық бас сауғалап келді деген еді.
Ол Instagram парақшасына «Біз кеше тексерген босқындар лагеріне тағы 151 бала келді» деп жазып, өртеніп жатқан ауылдың жанында анасының денесінің қасында тұрған баланың суретін жариялаған.
Ростов билігі бұл мәлімдемені растамады. «Соңғы 24 сағатта 8 мың 300 украиналық шекарадан өтті, бірақ олардың бәрін босқын деуге келмейді. Олар туысқандарына немесе демалуға келген, түрлі мақсатпен өткен адамдар болуы мүмкін» дейді Ростов губернаторы Вадим Артемовтың өкілі Александр Титов.
Ресей вице-премьері Ольга Голодец 2 мың 500 адам босып келгенін айтып, «10 мың адамды қабылдауға дайынбыз» деді.
Ал өзін-өзі сайлап алған Донецк халық республикасының парламент төрағасы Денис Пушилин маусымның 12-сі күні «15 мың шығыс украиналық Ресейге қашып кетті» деді.
Ресей премьер-министрі Дмитрий Медведев 4 мың адам босқынға айналды деп, бұл дағдарысқа көз жұмып отыр деп Украина үкіметін айыптады. «Адамдар қорқып, әбден жүректері шайлығып қалған. Ал Украина үкіметі гуманитарлық мәселені көргісі келмей, босқындар жоқ дейді. Бұның бәрі - өтірік, оны естудің өзі бізге ауыр» деді ол маусымның 5-і күнгі үкімет отырысында.
UNHCR өкілі Андрисек Украина үкіметінің босқындар дағдарысына қатысты реакциясы «өте жүйесіз» екенін айтады. «Соңғы айларда елде көптеген өзгерістер болғандықтан үкімет ең өзекті мәселелерді анықтай алмай жатыр» дейді ол.
Киев шығыс украиналықтардың жаппай Ресейге босып жатқанын терістесе де, ел ішінде қоныс аударушылардың мәселесін шешуге мәжбүр. Маусымның 10-ы күні Украина президенті Петр Порошенко гуманитарлық дәліз құруды тапсырды, енді қақтығыстан зардап шеккен аймақтың азаматтары ол жерден кете алады.
Бір күннен соң премьер-министр Арсений Яценюк көмек көрсету шарттарын жеңілдету үшін үкіметке жалпы ұлттық босқындар дерек қорын құруды тапсырды. «Осыған дейін тек Қырымнан көшкен азаматтарды қоныстандыру үшін әрекет жасадық. Енді бұл мәселені қысқа мерзімде шеше алмайтынымыз анықталды. Бізге ұзақ мерзімді стратегия керек» деді ол.
(Азаттық тілшілері Клэр Бигг пен Левко Стектің мақаласын аударған – Динара Әлімжан).