Қытайдың «Синьхуа» агенттігі бүгін Шыңжаң ұйғыр автономиялық ауданындағы полиция учаскесіне жасалған шабуыл салдарынан 13 адам қаза тауып, 3 полиция қызметкері жараланғаны туралы хабарлады.
Аудан әкімшілігінің сайтында жарияланған ақпаратта шабуыл жасаушылар «бір немесе бірнеше автокөлікпен» полиция кеңсесіне барып соғылған соң жарылыс болғаны айтылады.
Қытайдың батысындағы табиғи байлықтары мол, этникалық ұйғырлар мекендейтін бұл аймақта соңғы айларда зорлық-зомбылық пен шабуылдар көбейген. Өткен айда айма орталығы Үрімжі қаласының базарында болған жарылыс салдарынан 43 адам құрбан болған.
Билік Шыңжаңдағы мұндай оқиғаларды Пекиннен өздеріне автономияны кеңейтуді талап ететін жергілікті мұсылман тұрғындар – ұйғырлардан көреді. Пекин «исламшыл экстремистер мен шетелдік топтар қолдайтын ұйғыр сепаратистерінен қауіп төніп тұрғанын» айтып, аймақта қауіпсіздік шараларын күшейткен.
Бірақ сыншылар «Пекин өзі жүргізіп отырған қатаң саясаты мен қауіпсіздік шараларын ақтау үшін қауіп деңгейін тым асыра көрсетеді» дейді. Құқық қорғаушылар «зорлық-зомбылықтың басты себебі – экономикалық теңсіздік пен ұйғырларға қысым жасау» деп санайды.