Украинада сепаратистер атысты тоқтата тұруға келісті
Украинаның шығысындағы ресейшіл сепаратистер жетекшілері 27 маусымға дейін атысты уақытша тоқтата тұру туралы Киев ұсынған келісімді сақтайтындарын мәлімдеді. Бұл туралы Ресей, Украина мен Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы (ЕҚЫҰ) өкілдерімен кездесуде өзін өзі жариялаған "Донецк халық республикасы" премьер-министрі Александр Бородай мәлімдеді. Оның сөзінше, өзін өзі жариялаған "Луганск халық республикасы" сепаратистері де келісімді сақтауға келіскен. 23 маусымда Донецкіәде өткен кездесуге Украина экс-президенті Леонид Кучма да қатысты. Сол күні Еуропа Одағының сыртқы істер министрлері егер Мәскеу Порошенконың бейбіт жоспарын қабылдамаса Ресейге қарсы санкцияларды күшейтетінін ескерткен.