Соңғы кездері Қазақстан түрмелерінде түрлі төтенше оқиға, наразылық пен бүлік шығу жайттары жиі қайталанып тұратын болды. Онымен қатар адам құқын қорғаушылар түрмеде жазасын өтеп отырғандардың құқықтары бұзылатын, азаптау мен қинауға душар болған сәттерінде оларға жеткілікті дәрежеде қорған болып, құқтарын қорғамайды деген айыптаулар да естіле бастады. Адам құқын қорғаушыларды түрме басшыларымен ым-жымдары бір деп айыптағандар да кездесті. Азаттық радиосының кезекті дөңгелек үстелі міне осы тақырыпқа арналады. Пікірталасқа қатысқан адам құқын қорғаушылар мен өзге де осы сала мамандары орыс тілінде сөйлегендіктен дөңгелек үстел талқылауы орысша өткен еді.