Жуырда білім сапасын саралайтын Қазақстаннның тәуелсіз агенттігі елдегі үздік жоғары оқу орындарының тізімін жариялады. Қазақстандағы білім сапасын төмен бағалаған кейбір мамандар «Бұл үздіктер бәлкім, ең нашарлар арасындағы тәуірлері болар. Бірақ бұл «жүзден жүйрік, мыңнан тұлпарлар» емес» деген пікір айтады. Әрдайым ішін емес, сыртын жылтыратуға құмарлық, рейтингке әуестік неге апарады? Білім сапасындағы олқылықтарды толтыру үшін не істеу керек? деген сұрақтарға қатысты мамандар мен жастар өз пікірлерін айтады. Дәстүрлі сұхбат айдарында жас айтыскер ақын Рүстем Қайыртайұлының шығармашылығымен танысуға болады. Жыр додаларында қарсыластарына дес бермеген ақынның арманы не? Жастарды толғандыратын өзекті мәселелерге қатысты ақын қандай ой түйеді? «Жастар Азаттықта» клубының апталық санын тыңдап, сіздер осындай сұрақтарға жауап таба аласыздар.