Халықаралық «Фридом хауз» ұйымының Вашингтонда жасаған баяндамасында жұмысшылар құқығы жиі бұзылатын жазалаушы мемлекеттер тізіміне Қазақстанның да еніп отырғанын көрсеткен болатын. Сондай-ақ аталған ұйымның баяндамасында жұмысшылар құқығын қорғауға тиіс кәсіподақ ұйымдары билік тарапынан қысым көретіні туралы жазылған. Қазақстанда жұмысшылар өз құқықтарының жиі бұзылатынын және жалақыларын уақытында ала алмайтындықтарын алға тартады. Дәл осы себептен жұмысшылардың әркез ереуілге шығуы да жиілеп кеткені белгілі. Қазақстанда жұмысшылар құқығы қаншалықты қорғалып отыр, жұмысшылар құқығын қорғайтын кәсіподақ ұйымдары жұмысшылар құқығын қорғап отыр ма деген сауал төңірегінде дайындалған хабарды уақыт бедері айдарынан тыңдай аласыздар.