1. Қырғызстанда маусым айындағы ұлтаралық қақтығыстарға қатысты айып тағылғандарға қарсы сот істері жалғасып жатыр. Сәрсенбі күні Нөкен қаласында өзбек құқық қорғаушысы Әзімжан Асқаров пен оның қасындағы жеті адамға Базар қорған оқиғасына қатысты сот үкімі шыққаны белгілі болды. 2. Алматыдағы «Айт-парк» қоғамдық саяси пікірталас клубындағы бүгінгі бас қосудың тақырыбы Қазақстандағы діни ахуал мәселелеріне арналды. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының өкілдері түрлі діни секталар мен ағымдар төңірегінде ой пікір қорытады. 3. АҚШ-тың Алматыдағы Бас консулдығында әлеуметтік медиа мен интернеттің дамуы, оның қоғамдағы рөлі, сонымен қатар авторитарлық режимдегі елдердің «Гуглға» тосқауыл қоюы, livejournal, youtube, facebook сияқты ресурстарға кедергі қою дұрыс па деген төңіректе Джордж Вашингтон университетіне қарасты «Саясат, демократия және интернет институтының» басшысы, доктор Крис Артертомен өткен бейнесұхбатқа қатысқан тілшімізді телефон байланысына шықты. 4. БҰҰ Орталық Азия және Ресей елдерімен бірге бөкендерді қорғау шаралары бойынша келісім жасады. Дала тағысының саны күрт кеміп кеткені табиғат қорғаушыларды алаңдатып отырғаны аян.