Қыркүйек айында Сауд-Арабия королдігінен құрамы 58 адам болатын жеті әулет қоныс аударса, осы жазда Моңғолия елінен жан басы 571 адамды құрайтын 112 әулет көшіп келді. Бүгінгі хабарымызда, ата-жұртын аңсап келген қазақтардың жай-күйімен таныс боласыздар. Сондай-ақ, билік өкілдері оралмандарды қалай қарсы алып, оларға қандай көмектер көрсетіп жатқаны да сөз болады.