Accessibility links

Уақыт бедері


please wait

No media source currently available

0:00 0:12:30 0:00
Жүктеп алу

Қазақстандық дінтанушы мамандардың діни мәселелер мен соңғы уақытта болған оқиғаларға қатысты пікірлері Азаттықтың “Уақыт бедері” айдарына арқау болды. 2010 жылдың 1 қаңтарына, ресми статистика бойынша, Қазақстан Республикасында 60%-дан астам мұсылман тұрады екен. 15 қыркүйекте Алматыдағы «Айт-Парк» пікірталас клубының отырысы болған еді. Оған Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының өкілдері – діни білім және оқу-ағарту бөлімінің меңгерушісі Әбдімүтәліп Дәуренбеков пен діни сараптама және талдау бөлімінің меңгерушісі Еркебұлан Қарақұлов қатысты. АҚШ-тағы шіркеудің құранды өрттеу жоспары мен Йассауия сопылық мектебін жандандырушы ретінде танылып жүрген діни тұлға Исматулла Мақсұмға қатысты пікірлерін айтты. Имамның айтуынша, халықты адастыратын түрлі ағымдар мен діни бірлестіктер өте көп. Алайда Қазақстан мұсылмандар діни бірлестігі құзырлы орын болмағандықтан олардың жұмысын тежеуге құқығы жоқ. Барлық қолдан келетіні тек халықты хабардар ету дейді Әбдімүтәліп Дәуренбеков. Оның пікірінше, ағымдардың көбеюіне Қазақстанның заңдары да қолайлы жағдай тудырып отыр. Сондай ақ мешіттердің ұлтқа бөлінетінін айтқан имамдар Алматы қаласының орталық мешітінде тұрған сандық туралы сөз қозғайды.

XS
SM
MD
LG