Қазақстанда 2012 жылы өтер-өтпесі әзірге белгісіз президенттік сайлауға қатысқысы келетін алғашқы үміткер пайда болды. Жаңаөзенде «Өзенмұнайгаз» кәсіпорны жұмысшылары жұмысты тоқтатып, полицияның қамауындағы әріптестерін бостандыққа шығаруды талап етіп отыр. Қырғызстанда маусымдағы ұлтаралық қақтығыстар кезіндегі кісі өлімі бойынша айыпталып жатқандардың адвокаттарының құқын қорғауды талап еткен акциялар болды. Ұлыбританиялық корольдік географиялық қоғамының «Арал -әлемдегі ең ірі экологиялық апат» деген қорытынды жасағанына 20 жыл.