Әртүрлі бірлестіктерді құру арқылы Кремль бұрынғы Совет Одағын қайта тірілткісі келеді. Бірақ бұл оның қолынан келе қоймас деп есептейді Азаттық радиосының дөңгелек үстеліне қатысушылар. Кремль түрлі шаралар мен тәсілдерді қолдана отырып постсоветтік елдерге ықпалын арттыра түсті. Бірақ азаматтардың құқығы мен еркіндігін қорғау, сөз, жиын, шерулер өткізу бостандығы тұрғысынан келгенде өзінің де мақтана қоятындай жайы жоқ. Мысалы, жақында Еуропа Кеңесі Ресей билігін азаматтардың жиылыс өткізу жөніндегі конституциялық бостандығын сақтауға шақырды. Осы тақырыпқа арналған Азаттық радиосының кезекті дөңгелек үстеліне: Андрей Пионтковский, саясаттанушы (Ресей); Валерий Карбалевич, саяси шолушы «Азат Еуропа/Азаттық» радиосы (Беларусь); Тоқтоғұл Какчекеев, саяси шолушы (Қырғызстан) және «Азат Еуропа/Азаттық» радиосы Тәжік редакциясының директоры Сожида Джафарова қатысты. Дөңгелек үстелді Азаттық радиосының қызметкері Сұлтан Хан Аққұлұлы жүргізді.