Өткен ғасырдың 80-інші жылдарының соңы мен 90-ыншы жылдарының басында Кавказ және Балтық теңізі республикаларында, Украина мен Молдовада және өзге одақтас республикарада «Халық майданы» сынды ұлттық немесе әсіре ұлтшылдық қозғалыстардың жаппай құрылып пайда болуына қазақ жастарының 1986 жылғы 16-17 желтоқсандағы ашық наразылық шерулерінің серпін бергені мәлім. Азаттық радиосы өзінің кезекті пікірсайысында желтоқсаншылардың 1986 жылғы және одан ширек ғасыр өткендегі - Бүгінгі орны мен рөлі тақырыбын саралайды.