Сейсенбі күні Астанада баспасөз мәслихатын өткізген «Әділет» демократиялық партиясының басшылары «референдум өткізу негізінен президент айналасындағы адамдарға аса қажет» деген пікір айтты. Десе де олар Назарбаевтың өкілетін 2020 жылға дейін ұзарту бастамасын қолдайтындарын жасырмады. Жастар да өз бастамаларын көтеріп жатыр екен, референдум өткізуді қолдайтын жастар сары түсті шүберекті білектеріне байлап алсын, ал қолдамайтындар жасыл түсті шүберек байласын деген де тың бастама көтеріліп жатыр екен. Желтоқсанның 28-і күні бірқатар қоғамға белгілі саяси тұлғалар Қазақстанда қызу талқыланып жатқан президент Назарбаевтың өкілетін ұзарту мәселесіне қатысты өз пікірлерін көпке жеткізді. Ал Азаттық радиосының сұрағына жауап берген кейбір сарапшылар бұл идеяны қолдайтындарын айтады. Алматыда Қазақстаннан босқын мәртебесін сұраған өзбек азаматтарының соты жалғасып жатыр, әзірге олардың ешқайсысының өтініші қанағаттандырылмады. Қырғызстан президенті Роза Отунбаева Азаттыққа берген арнайы сұқбатында елде түрлі оқиғалар орын алған 2010 жылды бүтіндей бір ғасырға теңеді.