Сейсенбі күні құқыққорғаушы Евгений Жовтистің өтінішін қараған Өскемендегі қоныстандыру колониясының арнайы комиссиясы оны шартты түрде мерзімінен бұрын босатпау туралы шешім шығарды. Бұған Жовтистің мінез-құлқының нашарлығы себеп болды делінген. Қаңтардың 18-і күні Қапшағайда түрме қызметкерлеріне қарсы сот ісі басталды. Бұл – қылмыстық атқару жүйесі тарихында азаптау айыбы бойынша сотқа жеткен алғашқы іс болғандығымен ерекшеленеді.