Accessibility links

Уақыт бедері


please wait

No media source currently available

0:00 0:12:30 0:00
Жүктеп алу

Қазақстанда азық-түлік бағасы қымбаттап жатыр. Былтырғы жылдың қаңтарымен салыстырғанда биылғы жылы елде азық-түлік тауарлары 12,2%-ға қымбаттаған делінген Қазақстанның статистика агенттігінің ақпаратында. Жалпы соңғы жылдарда Қазақстандағы азық-түлік өнімдерінің қымбаттау динамикасы бағаның 2003 жыл мен 2006 жылдар аралығында 7 мен 8 пайыз аралығында, 2008 жылы - 10,8 пайызға, 2009 жылы - 3 пайызға қымбаттағанын көрсетеді. Ал 2010 жылы бұл көрсеткіш 12,2 пайызға шықты. Азық-түлік бағасы неліктен қымбаттады? Бұл халықтың қалтасына қалай әсер етіп жатыр? Мұндай сұрақтарға жауап іздеп Алматының орталығындағы көк базарға барған Азаттық тілшілері сауда жасап жүрген тұрғындарды сөзге тартып көрген еді. Гүлмира есімді саудагер жалақы өскен кезде азық-түлік бағасы күрт қымбаттайды деп отыр. Ол Қазақстанда сүт өнімдерінен басқа ешқандай азық-түлік шығарылмайды дейді. Ресми мәліметтер бойынша, бүгінде ішкі тұтыну нарығындағы отандық азық-түлік өнімдерінің алатын үлесі 67 пайызға жуық. Алайда, елдің бірнеше облысында биылғы қыста көкөніс тапшылығы орын алып, Қытайдың тауарларымен халықты қамтамасыз етуге тура келгендігі жарияланған. Біз сұхбаттасқан Алматы тұрғындары да базарлар мен дүкен сөрелерінде самсап тұрған қытай көкөністері мен ресейлік азық-түліктер екенін айтады. Ал экономист Оразалы Сәбден бұл үкіметтің ұйымдастыру жұмысының төмендігі салдарынан деп отыр. Статистика агенттігінің деректері бойынша, 2010 жылы Қазақстанда 1 триллион 441 миллиард теңгенің өнімі өндірілген. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 11,7 пайызға артық. Соның ішінде 787,6 миллиард теңгенің малшаруашылық өнімдері өндіріліп, ол 2009 жылмен салыстырғанда дерлік 3 пайызға артық болғанымен, егін өнімдерін өндіру 22,7 пайызға төмендеп, ақшалай мөлшерде 648 миллиард теңгені құраған. Ірі қара, қой, құс басы біраз өскенімен, ешкі мен жылқы, шошқа басы керісінше, кеміп кеткен. Оразалы Сәбденнің айтуынша азық түлік бағасының өсуінің екі себебі бар. Бірі инфляцияға байланысты экономикалық фактор. Ал екіншісі, Қазақстанның ТМД-ның екі елімен құрған кедендік одақ себеп болып отыр. Осыған байланысты да бірқатар тауарлар қымбаттады дейді ол. Бәсекелестікті қорғау агенттігінің деректеріне сәйкес, өткен жылы тіркелген 7,8 пайыз деңгейдегі инфляцияның 5,5 пайыздан астамы азық-түлік өнімдері бағасының қымбаттауына байланысты орын алған. 21 ақпанда Қазақстандағы бірнеше оппозициялық партиялардың өкілдері президенттік сайлау өткеннен кейін азық-түлік бағасы тағы шарықтайды деп мәлімдеді. БҰҰ-ның Азық-түлік және ауылшаруашылық ұйымының (ААҰ) мәліметінше, әлемде азық-түлік өнімдері қымбаттап барады. Өткен жылдың соңында бұл тауарлардың көтерілу индексі соңғы 20 жыл ішіндегі ең жоғары деңгейге жетіпті. Ол тіпті азық-түлік дағдарысы туралы алғаш айтыла бастаған 2008 жылдың маусымындағы бағалар шегінен де асып түскен. Сөйтіп, көптеген тамақ өнімдерінің бағасы соңғы 6 айда қауіпті жоғары деңгейге дейін көтерілген. Сондай-ақ, мамандар бағалардың өсуі биылғы жылы да жалғасуы мүмкін.

XS
SM
MD
LG