Accessibility links

Уақыт бедері


please wait

No media source currently available

0:00 0:12:30 0:00
Жүктеп алу

Мүгедек әйелдер емханаларда дәрігерлер тарапынан кемсітушілікке ұшырап, көп жағдайда құқықтарының аяққа тапталып жататынын айтады. Сондықтан олар өздерін қоғамнан шеттетілген адамдар санатына жатқызады. Ал сөйлеу мүмкіндігі шектеулі әйелдер болса, емханаларда сурдоаудармашылардың жоқтығынан дәрігерлермен түсінісе алмайтынындарын айтады. Сондықтан олар мемлекет тарапынан әлеуметтік көмекке зәру екендіктерні жеткізді. Ал денсаулық сақтау басқармасының мамандары болса, Салауатты өмір салтын қалыптастыру ұлттық орталығының ұйымдастыруымен өткен дөңгелек үстелде бұл мәселелер шешімін тауып жатқанын алға тартты. «Шырақ» мүгедек әйелдер қоғамдық ұйымының ның мүшесі Захира Бегалиеваның айтуынша, Алматыда орналасқан кез-келген ғимаратқа мүгедектердің арбамен көтерілуіне жағдай жасалмаған. Ол денсаулық басқармасының өзінде пантустың жоқтығын айтты. Сонымен қатар Захира Бегалиева аяғы ауыр мүгедек әйелдерге жалпы медициналық көмек тегін көрсетілгенімен, жекелеген мамандарға қаралу үлкен қаржыны қажет етеді дейді. Алматыдағы «Шырақ» мүгедек әйелдер қоғамдық ұйымында 16 мен 58 жас аралығындағы 370-тен астам қыз-келіншектер тіркелген. Бұл мәселеге қатысты денсаулық сақтау басқармасының бастығы Еркін Дүрімбетов мүгедек жандарға дұрыс медициналық көмек көрсетпеген, олардың құқығын аяққа таптаған дәрігерлер жұмыстан шығарылатынын ескертті.

XS
SM
MD
LG