Accessibility links

Уақыт бедері


please wait

No media source currently available

0:00 0:12:30 0:00
Жүктеп алу

Арабтанушылар мен әдебиеттанушылар арасында «Он ғасыр жырлайды» жинағындағы жыраулар мен ақындар өлеңдеріндегі ұйқаста Алла сөзінің Аллаh болып өзгеріске ұшырауы дау туғызғанына талай жылдың жүзі болды. Кейбір әдебиеттанушылар Алла сөзінің Аллаh болып өзгертілуі өлең ұйқасына ғана емес, мағынасына да әсер етеді дейді. Ал кітапты жинақтап шығарған авторлар болса, Абай еңбектерін көшірген Мүрсейіттің қолжазбасында Алла сөзі Аллаh болып жазылғандықтан, түпнұсқаға сүйенгендерін алға тартады. Сондай-ақ абайтанушылар діни терминдердің қазақ тілінде қалай қолдануы керектігі жайлы ортақ ұғым қалыптаспауы себебінен мамандар арасында дау туындап отырғанын айтады. 2006 жылы Бекболат Тілеухан, Амангелді Айталы, Серік Қирабаев, Асқар Егеубаев, Сәрсенбі Дәуітұлы, Айгүл Смақованың редакторлық етуімен "Он ғасыр жырлайды" жинағы жарық көрген болатын.

XS
SM
MD
LG