Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов тіркелмеген «Алға» партиясының президент сайлауына бойкот жариялауға шақыруын халықты арандату әрекеті деп санайды. Сәрсенбі күні Алматыда «Қоғамдық бақылаудан тыс аймақтарда сайлаушылар құқығының сақталуын көрсетудегі бұқаралық құралдары мен үкіметтік емес ұйымдардың ролі» деген тақырыппен Азаттық радиосы мен Соғыс және бейбітшілік репортажы институты бірлесіп ұйымдастырған дөңгелек үстел талқылауы өтті. Жапонияның атом электр стансасындағы жарылыстардан кейін радиация деңгейі күшейіп кеткендіктен, бұл аймақтағы жұмысшылар басқа аймаққа шығарылды. 16 наурыз күні Астанадағы Электр энергетикасын дамыту мәселесіне арналған кеңесте Қазақстан атом электр станциясын салу идеясынан бас тартпауы керектігі туралы мәлімдеді, ал эколог ғалым Еділ Жаңбыршин Жапониядағы реакторлардың жарылысынан сабақ алу қажеттігін алға тартып, Қазақстанда бұл саладағы мамандардың да тапшылығын айтады. Кезектен тыс өтпекші президент сайлауына үміткерлердің бірі – Нұрсұлтан Назарбаевпен кездеспек болған бір топ үлескер Астанадан қуылып, олардың белсендісі Есенбек Өктешбаев 15 күнге қамауға алынды. Бүгін Алматыда бір топ қоғамдық ұйым өкілдері Өктешбаевты босатуды талап етіп, наразылық акцияларын ұйымдастыратындықтарын мәлімдеді.