Мұратбек Бөжеев ХVІІІ, ХІХ ғасырлар мен ХХ ғасырдың басындағы қазақ әдебиетін зерттеу ісіне үлкен үлес қосты. Сейіт Асқарұлы Қасқабасов, М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының директоры: «Мұратбек Бөжеев бүкіл ғылыми қызметінде қазақ ақындары мен жазушыларының шығармаларын текстологиялық зерттеу ісімен айналысты. Ол 1917 жылға дейінгі қазақ әдебиетінің тарихын жетік білген үлкен маман болды. Ғалым араб әрпімен жазылған қолжазбаларды қазіргі әріпке түсіруде үлкен жұмыстар жүргізіп, бұған дейін айтылмай келген ақындар есімін ашты, Мәшһүр Жүсіп Көпеев шығармаларын баспаға жеке жинақ етіп дайындады. Ол өзінің іргелі ғылыми зерттеулерімен қазақ әдебиеттану ғылымын байытты».