Accessibility links

Дөңгелек үстел


please wait

No media source currently available

0:00 0:25:00 0:00
Жүктеп алу

Қазақстанда тура бір аптаның ішінде кісі қазасына соқтырған 2 бірдей жарылыс болды. Оның бірін - тәуелсіз Қазақстан тарихында алғашқы жанпидашы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Ақтөбе облыстық департаментінде жүзеге асырса, екіншісі - тағы да сол қауіпсіздік комитетінің Астанадағы тергеу абақтысы маңында болды. Қазақстан билігі 2 жарылыстың да террористік әрекет болғанын теріске шығаруға тырысып отыр. Алайда Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы Ақтөбедегі жарылысты террористік шабуыл деп бағалап, оған наразылық білдірсе, сарапшылар - ол жарылыста террорлық жарылыстың барлық нышаны бар деп кесті. Бұл жарылыстар - Қазақстандағы қайсыбір оқиғаның немесе құбылыстың салдары ма, әлде кездейсоқ оқиға ма? Егер Қазақстанға терроризм қатері төнетін болса, оған тойтарыс беруге билік дайын ба? Қазақстанда мұндай жарылыстардың қайталанбасына кепілдік бар ма және Ауғанстанға әскер жіберу - Қазақстанды күтпеген жағдайларға соқтырмай ма? Азаттық Радиосының орыс тілінде өткізген кезекті дөңгелек үстелі осы сауалдарды талқылады. Дөңгелек үстелдің толық аудио-мәтінін Азаттық Радиосының интернет-сайтынан тыңдауға болады.

XS
SM
MD
LG