Ақпанның 12-сі күні Алматыдағы Ғабит Мүсірепов атындағы Жастар мен балалар театрында өткен «Жүрсіннің жүйріктері» атты айтыстың екінші жұбына торғайлық Айбек Қалиев пен Батыс Қазақстаннан келген Бауыржан Халиолла шықты. Қос ақын кешегі саммиттен бастап бүгінгі сайлауға дейінгі аралықтағы түрлі саяси науқандарды тілге тиек етті. Екі ақын да өткен жылғы «Тәуелсіздік тағылымы» атты айтысқа қатысатындардың тізімінен сызылып тасталған болатын. Әуелгі сөзді бастаған Айбек Қалиев бірден саяси науқандарды сынға алды.