Accessibility links

Зерде


please wait

No media source currently available

0:00 0:15:00 0:00
Жүктеп алу

24 маусым күні Абылай ханның ұрпақтары мен бірқатар кәсіпкерлер Абылай ханға арнап ас берді. Оған жазушылар, ғалымдар және өзге де азаматтар қатысты. Ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы Аман Шотаев Абылай ханның ұрпағы. Ол Абылай ханға берілген асты ұйымдастырушылардың бірі. Ол ас берудегі мақсат – қазақ халқының атақты хандарының бірі - Абылайдың 300 жылдығын атаусыз қалдырмау дейді. 2005 және 2011 жылдары президенттікке кандидат болған Майя Қарамаева да Абылай ханның ұрпағы екен. Ол бұл ас осы бағытта жасалған істердің бастамасы ғана дейді. Абылай хан - Әбілмансұр 1711 және 1781 жылдар арасында өмір сүрген қазақ ханы, ұлы мемлекет қайраткері, қолбасшы және дипломат. Арғы тегі Жошы хан, бергі бабалары қазақ даласының негізін салған Әз-Жәнібек, одан соң Есім хан,  Жәңгір хан. Абылай - Жәңгір ханның бесінші ұрпағы.   Үлкен әкесінің аруағын шақырып, жауға Абылайлап ат қойған Әбілмансұр жеңісті ұрыстан соң, Орта жүздің сұлтаны деп танылып, қазақ даласындағы ең беделді әміршілердің біріне  айналды. Бұдан соң Әбілмансұр есімі ұмытылып, Абылай атанды. Зейнеткер  Қадір Жанақанов немересімен бірге асқа арнайы Астана қаласынан келіпті. Ол Абылай ханның қазақ халқы тарихында қалдырған өшпес ізі бар дейді.  Тарихи деректерге сүйенсек, 1771 жылы жасы жеткен Әбілмәмбет хан дүние салды. Қалыптасқан дәстүр бойынша Орта жүздің ханы болып Әбілмәмбеттің інілерінің бірі, не үлкен ұлы Әбілпейіз сайлануға тиіс еді. Алайда басты сұлтандардың, старшындардың, Әбілпейіздің өз қалауымен үш жүздің басшы өкілдері Түркістанда Абылайды хан көтерді. Абылай іс жүзінде жалғыз Орта жүздің ғана емес, бүкіл қазақ ордасының ұлы ханы болды. Тарихи деректер, аңыз-жырлар да Абылайдың үш жүздің әміршісі ретінде ардақталғанын көрсетеді.

XS
SM
MD
LG