Accessibility links

Уақыт бедері


please wait

No media source currently available

0:00 0:15:00 0:00
Жүктеп алу

Қазақ интернетін дамытуға ат салысып жүрген мамандар интернет саласына заманға сай өзгерістер енгізуді ұсынады. Олардың айтуынша, мүмкіндігінше сайттардағы жаңалықтарды ғана емес, жалпы дизайнын өзгертіп отыру қажет. Ал ресми жаңалықтар оқырман қызығушылыған арттыра бермейді. Сонымен қатар олар қазақ тілінде аударманы көбейтудің бір жолы - ерікті аудармашылар сапалы әрі ұтымды аудармалар жасауы қажет деген пікір білдірді. Бұл жөнінде қазақша интернетті қолдаушылар «Мінбер»  журналистерді қолдау орталығы мен «Medialab» медиа коммуникация орталығының ұйымдастыруымен өткен дөңгелек үстелде мәлімдеді. Википедия қоғамдық қорының үйлестірушісі Тимур Мұхтаров  қазақша википедия қолданушылар санын арттыру үшін  қазақ тілінде мақаларды көбейту қажет деді. Оның айтуынша, кез-келген адам мақаланы редакциялауға құқылы болғанымен, ондағы тілдік заңдылықтардың бұзылуына жол берілмейді. Сонымен қатар ол  жобаны іске асырар кезде ғалымдардың, тіл мамндарының да пікірлері ескерілгенін айтады.

XS
SM
MD
LG