Accessibility links

Уақыт бедері


please wait

No media source currently available

0:00 0:15:00 0:00
Жүктеп алу

БҰҰ Орталық Азиядағы су ресурстарын пайдалануға алаңдаушылық білдіріп отыр.   Орталық Азия мемлекетттері Әмударияның суын бірігіп пайдаланса, бұл аймақтағы тұрақтылық пен бейбітшіліктің кілті болады.  Дүйсенбі күні жарияланған БҰҰ-ның қоршаған ортаны қорғау бағдарламасы жариялаған баяндамада осылай делінген. Судың басына қуатты гидроэлектр стансалар құрлысын жоспарлау, судың төмен жетпей қалуы Әмудария бойындағы Ауғанстан, Тәжікстан, Түркіменстан және Өзбекстан үшін негізгі түйткіл болып отыр делінген баяндамада.    Мамандардың айтуынша,  су  ресурстарының азаюы мен судың ластануы тұрақсыздыққа, тіпті қақтығысқа бастап әкелуі мүмкін. Алайда қазақстандық гидрологтар қазақстан су қорларын үнемдеп пайдаланса, су қоймаларын салмауға болады дейді. Сондай-ақ олар суды үнемдеу көрші мемлекеттермен су мәселесінде  тұрақтылық орнатуға жол ашатынын айтады. Гидролог Әмірхан Кеншімов қазақстан әзірге су тапшылығын сезініп отырған жоқ дейді. Алайда Сырдария мен Амудария өзендерін  дұрыс пайдалану туралы ортақ шешімге келмесе су тапшылығын сезінуі мүмкін екенін айтады. Оның айтуынша, су тапшылығын сезінбеу үшін суға қатысты ішкі және  сыртқы саясатты дұрыс жүргізу керек. Амудария мен Сырдария өзендерінің жоғарғы жағына су электр станциялары салынар болса, Қазақстан, Түркіменстан, Өзбекстан су тапшылығын сезіне бастайтынын гидрологтар бірнеше жылдардан бері айтып келеді. Яғни, аймақтағы үш мемлекеттің ұлттық, әлеуметтік, экологиялық қауіпсіздігіне бұл бастама айтарлықтай нұқсан келтіруі мүмкін. Әмірхан Кеншімов Қазақстан халқы суды көп ысырап қылып қана қоймай, өзен суларын ластайтынын айтты. Оның айтуынша, жер асты суларын да жер үсті суларын пайдаплануда тепе-теңдік сақталмай отыр.

XS
SM
MD
LG