Accessibility links

Зерде


please wait

No media source currently available

0:00 0:15:00 0:00
Жүктеп алу

1917 жылы 21 мен 26-шы шілде аралығында Орынборда Бірінші Жалпықазақ съезі өтті. Оған Ақмола, Семей, Торғай, Оралы, Жетісу, Сырдария, Ферғана облыстарынан, және Бөкей ордасынан 20-дан астам қазақ өкілдері  қатысты. Бірінші Жалпықазақ съезінің күн тәртібіне сол тарихи кезеңдегі елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси өміріне қатысты 14 мәселе қойылды.  Оған мемлекеттік құрылыс, Қазақ автономиясы, жер мәселесі, халық милициясы, земство, оқу мәселесі, сот мәселесі, дін мәселесі және әйел мәселесі, Бүкіл ресейлік құрылтай жиналысы, Бүкіл ресейлік мұсылмандар кеңесі, қазақ саяси партиясы, Жетісу оқиғасы, Киевте өтетін Бүкілресейлік федералистер сиезіне және Санкт-Петербордағы оқу коммисиясына қазақтан өкіл жіберу. Онда: «Қазақ халқы өзіне қарасты жерге орналасып болғанша қазақ жері ешкімге берілмесін» деп көрсетіліп, бұрын қазақтардың пайдасынан алынып қойған жерлерді кері қайтару талап етілді. Сиезде қабылданған шешімдер демократияның озық үлгісін көрсетті. Қазақ даласында қалыптасқан кейбір дәстүр мен түсінікке қайшы келсе де, батыл әрі теңдікке ұмтылған шешімдер қабылданды дейді тарихшы Мәмбет Қойгелді. Жалпы қазақ сиезінің ең маңызды қабылдаған шешімдерінің бірі Алаш партиясын құру туралы шешім. 1917 жылы Алаш партиясын құрғанға дейін саяси партия құру әрекеттері болған. Алайда Әлихан Бөкейханұлы бастаған қазақ зиялылары 1917 жылы патша үкіметі құлаған тұста саяси партия құруды жөн көрген.

XS
SM
MD
LG