Accessibility links

Уақыт бедері


please wait

No media source currently available

0:00 0:15:00 0:00
Жүктеп алу

2011 жылдың 2 тамызында Алматы қаласында Қазақстандағы сыбайлас жемқорлық жағдайлары жөнінде «Қауіпсіздік қауіпте» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Оған жетекші сарапшылар, қоғам қайреткерлері, партия басшылары, еуропарламент депутаттары, мемлекеттік орган және халықаралық ұйым өкілдері қатысты. «Қазақстанда парламентаризмді дамыту қоры» қоғамдық қорының президенті Зәуреш Батталова елде жемқорлықпен тек билік күреседі дейді. Маман Қазақстанда жемқорлықпен күресетін заңнамалық нормативті базалардың деңгейі жоғары емес дейді: «Арлан» үкіметтік емес ұйымының президенті Макс Боқаев өндіруші саланың ашық еместігі жемқорлықтың дамуына септігін тигізіп отыр дейді: Дөңгелек үстелге қатысушылар сыбайлас жемқорлықпен күресуге бағытталған  бағдарламаларға қарамастан бұл проблема елде шешімін таппай отырғаны анық екенін айтты. Сыбайлас жемқорлық – ұлттық қауіпсіздікке айтарлықтай қауіпті, әлеуметтік текетірестерді, ұлтаралық және конфессияаралық қарама қайшылықтарды, қоғамның жіктелуін ушықтырудың басты себебі дейді ұйымдастырушылар. Макс Боқаев экономикасы өндіруші секторға бағытталған елдерде жемқорлық жоғары деңгейде болады дейді. Дөңгелек үстелге қатысушылардың айтуынша, Қазақстанның сыбайлас жемқорлық дендеген мемлекеттер қатарында болуы республиканың инвестициялық тартымдылығын төмендетіп қана қоймай, елдегі саяси тәуелділіктің де деңгейін жоғарылатады. Зәуреш Батталова жемқорлықпен күрес кезінде әркім табандылық танытып заңға сүйену керек деп есептейді. Алайда өкінішке орай көпшілік одан бас тартады дейді ол: Жиынға қаысушылардың айтуынша, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру үшін билік пен азаматтық қоғам арасында нәтижелі жан жақты ынтымақтастық дамуы тиіс.

XS
SM
MD
LG