Accessibility links

Уақыт бедері


please wait

No media source currently available

0:00 0:15:00 0:00
Жүктеп алу

«Уақыт бедері» айдарының ендігі  тақырыбы «Жастардың репродуктивті құқығы»деп аталады. 18 жастағы Салтанат екі рет жасанды түсік жасатқан. ЖОО-ның 1 курсында оқитын Салтанаттың оқу бітірмей жатып ерте тұрмысқа шыққанына ата-  анасы қарсылық білдірген.  Тұрмысқа шықпағаннан кейін балалы болуды қаламадым деген сұхбаттасымыз.Салтанат жасанды түсік жасатқаннан кейін денсаулығы күрт нашарлағанын айтады. Мамандардың айтуы бойынша, жас қыздардың көпшілігі жүктілік пен жыныстық қатынастың жауапкершілігін сезініп, жасанды түсіктің қауіпін әлі түсіне қоймаған. Осы жылдың басынан бері  алматылық 32 жас студент жасанды түсік жасатқан. Заңсыз оборт жасаумен айналысатындар тағы бар, олардың санын анықтау мүмкін емес дейді дәрігерлер. Алматы қалалық студенттер емханасының гинекологиялык  дәрігері Гүлмира Әміралиева студент қыздар көбінесе әлеуметтік себептермен немесе өмірлік тәжірибес аз жастар қателікпен жасанды түсік жасатады. Олардың арасында ана мен баланың денсаулығы нашар болатындары және ата- анасы ажырасып жатса операция арқылы баланы алғызып тастап жататындығын айтады. Мектеп мұғалімі Аймара Бектемісова қазіргі кезде интернет, телеарналар мен газет-журналдарда тәрбиесіз ақпараттар көптеп кездеседі деп, оларға мемлекет шектеу қоюы керек деп есептейді.

XS
SM
MD
LG