Долинкадағы бір түрмеде сотталғандарға қарсы азаптау әрекеттері жасалып жатыр деп дабыл қақса түрмедегілердің туыстары, осы кенттегі екінші бір түрмеден үш адамның қашып кетені жайындағы ақпараттар алдымен жоққа шығарылғанымен, соңыра қашқандар турасында да айтыла бастады. Қазақстанның батысында мұнайшылар ереуілі жалғасып жатса, дүйсенбі күні жұмысшылардың белсендісі Ақжанат Аминовке қарсы сот басталғаны хабарланды. Ал Норвегиядағы Хельсинки комитеті Қазақстан билігін 6 жылға сотталған мұнайшылар заңгері Наталья Соколованы босатуға шақырып жатыр. Қырғызстандағы соңғы төңкерістер тұсында Азаттық радиосының қырғыз қызметіне жетекшілік еткен тарих ғылымынң докторы, журналист Тыныштықбек Чоротегінмен сұқбат. 15 тамыз –Археолог күні. Қазақстан археологтары соңғы кездері қандай жаңалықтар ашқаны және елдің архология саласы қалай дамып жатқандығы туралы Әлкей Марғұлан атындағы Архелогиялық институты директорының орынбасары Арман Бейсенов әңгімелеп береді.