Accessibility links

Күнделікті бағдарлама


please wait

No media source currently available

0:00 0:26:00 0:00
Жүктеп алу

Ақтауда әкімшілік соттың шешімімен «Рух пен тіл» жастар клубының белсендісі  Жанболат Мамай  10 тәулікке  қамауға алынып,  айыппұл салынды. Алайда, айыпталушыны Ақтаудың әуежайында полиция ұстаған кезде оның қасында болған куәлердің бірі қоғамдық белсенді Жанболат Мамайдың полиция қызметкерлеріне еш қарсылық көрсетпегенін айтып отыр.   Көкшетау қаласында Гранитный түрмесіндегі былтырғы бүлікке қатысты сот отырыстары жалғасып жатыр. Сәрсенбілік сот отырысына келген БАҚ пен қоғам өкілдері сотқа  не себепті кіре алмады. Қазақстанда кезінде ГКЧП-ны қолдағандарға ресми баға берілмеді СССР-ді сақтап қалу үшін Мәскеудегі орталық биліктен басталған «тамыз бүлігі» одақтас республикалар жетекшілерін әрі-сәрі күйге түсірді. Саяси сарапшылар бүлік кезінде Қазақстан басшылығы да әліптің артын бағып, уақиғаның аңысын аңдығанын, ал кейбір топтардың бүлікшілерді ашық қолдағанын айтады. Қазақстанның ресми ақпарат құралдары «бүлікшілердің» үндеулері мен қаулыларын екі етпей жариялап, төтенше комитеттің бұйрығына мойынсұнды. Азаттық радиосы «Тамыз бүлігіне» қатысты хабарлар сериясын бастайды.

XS
SM
MD
LG