Accessibility links

Күнделікті бағдарлама


please wait

No media source currently available

0:00 0:26:00 0:00
Жүктеп алу

18 тамызда «Азат» ЖСДП «Жанболат Мамайды босату және ереуілдеу әрекеттеріне қарсы биліктің репрессивті саясатын тоқтату қажеттігі туралы» мәлімдеме жасады. «Азат» ЖСДП өкілдері билік Маңғыстаудағы мәселені жазалау мен қысым көрсету арқылы шешпек дейді.  Жиынға қатысқан Жанболат Мамайдың әкесі Мамай Құрмашұлы ұлына тағылған айыппен келіспейтіндігін айтты.  Алматыда мұнайшыларды қолдап наразылық акциясын өткізген үшеудің екеуі әкімшілік соттың шешімімен бес тәлуікке қамалды. Теміртау қаласындағы орыс мектептерін қазақ тілді етіп қайта құруға қатысты сот ісінде судьяның біреуі шағымданушылардың біразының арызын қанағаттандырмай тастады. 20 жыл бұрынғы «тамыз бүлігі» одақтас республикалар жетекшілерін әрі-сәрі күйге түсірді. Саяси сарапшылар бүлік кезінде Қазақстан басшылығы да әліптің артын бағып, оқиғаның аңысын аңдығанын, ал кейбір топтардың бүлікшілерді ашық қолдағанын айтады. Қазақстанның ресми ақпарат құралдары «бүлікшілердің» үндеулері мен қаулыларын екі етпей жариялап, төтенше комитеттің бұйрығына мойынсұнды. Тамыздың 20-сы күні жарияланған Қазақстанның ресми ақпарат құралдарының арасында Қарағанды облысының «Орталық Қазақстан» газеті ғана ГКЧП-ның қаулыларын баспай кейінгі нөмірлеріне қалдырды. Тек ГКЧП мүшесі, СССР вице-президенті Геннадий Янаевтың қысқа жарлығын басқан бұл газет «Жексенбіден дүйсенбіге қараған түні Кеңес Одағында төңкеріс жасалды» деп ашық мәлімдеме жасады. Мәлімдеме астында осы газеттің сол кездегі бас редакторы Нұрмахан Оразбековтің «Иә, бұл – төңкеріс» деген бас мақаласы жарық көрді. Бұл төңкерістің кімге қарсы жасалғанын талдап шыққан автор «олардың күні ертең қара тақтаға жазыларына күмән болмаса керек. .. бұл күні әдеттегі хабарлар, көңілді музыка беріліп жатты. Керісінше қаралы, азалы музыка берілуі керек еді. Өйткені бұл біздің елде демократия жерленген күн» деп жазды.

XS
SM
MD
LG