Accessibility links

Руханият


please wait

No media source currently available

0:00 0:14:30 0:00
Жүктеп алу

Алматы қаласындағы 126 мектеп лицейі 6 сынып оқушысы Меруерт Даниял шығармашылықпен айналысып жүрген оқушылардың бірі. Ол бірнеше жыл бойы Абай оқуларына қатысып, өз талантын ұштай беруді көздейді. Ол  «Абайға арнау» атты өлең жазған екен. Мұндай  арнау жазуға шабыттандырған Абайдың қара сөздері дейді Меруерт Даниял. Алматыдағы 126 мектептің 6 сынып оқушысы Сара Несіпбай Абай оқуларында ақынның әнін орындады. Оның аудандық, мектеп аралық оқуларға қатысып жүргеніне бірнеше жыл болған екен. Оқушының айтуынша, ол Абай туындыларының мәнін өз бетінше түсінуге тырысады екен. Түсінбей жатса ғана оқытушылардан және туыстардан көмек сұраймын дейді  Сара Несіпбай: Әуезов ауданы драма үйірмесінің жетекшісі Айша Абылаева ақын өлеңдерінің мағынасын түсіндіру қиындық туғызбайды дейді. Ол үшін мектептерде Абайтану пәні жүреді.  Ал абайтанушы, Мемлекеттiк сыйлықтың иегерi Мекемтас Мырзахметұлы Абайтану пәні ресми түрде тек қажетсінген мектептерде ғана жүреді дейді. Мамандардың сөзінше, Абайтануды мектеп бағдарламасына пән ретінде енгізу мәселесі 2002 жылы сөз болған. Бұл бағдарламаны 1-сынып пен 10-сыныпқа дейінгі кезеңдегі бағдарлама ретінде Талғар қазақ мектебінің оқытушысы  ұсынған еді. Алайда ол ресми түрде бекітілмей қалды.  Абайтану пәні 1942 жылы қыркүйек айынан бастап қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетінде арнайы курс ретінде оқытыла бастады. Бұл пәнді белгілі қазақ жазушысы Мұхтар Әуезов енгізген еді. Мекемтас Мырзахметұлы шығармалардағы терминдерді түсінгенде ғана Абайды тани аламыз дейді:

XS
SM
MD
LG